«Air France» жолаушысы ақша үнемдеу үшін екі жасар баласын қол сөмкемен алып ұшпақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Air France» жолаушысы қол сөмкесіне баласын салып ұшақ бортына кіріп кеткен. Әйел екі жасар баласына билет сатып алмас үшін осындай әрекетке барғаны мәлім болды, деп жазады «Аirlive» порталы.

Стамбұл-Париж әуе рейсінің қызметшілеріне сөмкедегі бала туралы бірінші болып жолаушының «көршісі» хабарлады. Ер адам әйелдің сөмкесінде бірдеңе қимылдап жатқанын байқап қалған.

Қорқып кеткен ол дереу жолсерікті шақырған. Осылайша, сөмкеде бала бары, анасы билет сатып алмау үшін ақша үнемдегісі келгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар