Ақ Азиада: Керлингтен қыздар құрамасы Жапониядан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды

ХАРБИН. KAZINFORM – Керлингтен Қазақстан қыздар құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарын төртінші орынмен аяқтады.

Ақ Азиада: Керлингтен қыздар құрамасы Жапониядан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық қыздар қола медаль үшін матчта сары құрлық үздігі Жапония командасымен шеберлік байқасты. Ел құрамасы сапында Ангелина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова және Мерей Тастемір жарыс жолына шықты. 

Ақ Азиада: Керлингтен қыздар құрамасы Жапониядан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алғашқы үш кезеңде қазақстандықтар ұпай еншілей алмады. Алайда, төртінші кезеңде лайықты өнер көрсетіп, есепті теңестірді.

Матчтың екінші жартысында жапониялықтар тағы 4 ұпай еншілеп, жеңіске жетті. Қортынды есеп – 3:6. 

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы қысқы Азия ойындарында төртінші орынан көрініп, жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. 

Айта кетейік, керлингтен Қазақстан қыздар құрамасы кеше Қытайлық Гонконгты 6:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар