?Ақ орданың? жастар қанаты жасақталды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ –"Ақ орда" республикалық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің облыста құрылған жастар қанаты "Ұшқыр жебе" деп аталатын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа құрылымның негізгі мақсаты ? жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, талантты және өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдау болып табылады. Оларды ғарыштық және ғылыми-техникалық мамандықтарға баулығаннан кейін азаматтық қоғам институттарын құру арқылы құқық бұзушылыққа қарсы күрес белсенділігі арттырылады. "Ұшқыр жебенің" төрағасы болып Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Жандос Базартай сайланды. Қоғамдық бірлестік төрағасының бірінші орынбасары Досбол Баймақышев жастар жетекшісіне ғимарат кілтін тапсырды.
Соңғы жаңалықтар