«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі Астанада өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — 5 шілдеде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті.
Съезге өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сәйкес сайланған 200-ден астам делегат қатысады.
Съезд барысында делегаттар келесі мәселелерді қарастырады:
1. «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуы туралы;
2. Партияның саяси бағдарламасын бекіту;
3. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту;
4. Ұйымдастыру мәселелері.
Айта кетейік, Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды.