12:42, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Академик Қаныш Сәтбаев туралы жаңа кітап жарық көрді
СЕМЕЙ. Қаңтардың 15-і.ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Республикамызға танымал жазушы Медеу Сәрсекенің жаңа кітабы жарық көрді. «Дара дарын» роман-эссесі қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Академик туралы «Сәтбаев планетасы» деп аталған алғашқы кітабымен жұмысты жазушы сонау 1963 жылы бастаған болатын. Ол кітап 1980 жылы «Танымал адамдар өмірі» сериясы бойынша шықты. Сәтбаев туралы кітап соңғы жылдары бірнеше рет қайта басып шығарылды. «Дара дарын» - бұрынғы басылымдардың жаңартылған, форматы үлкен және түрлі-түсті етіп ресімделген нұсқасы. Оған ғалым өмірінің түрлі кезеңдерін бейнелеген 300-дей фотосурет енгізілген. М.Сәрсеке алдағы уақытта роман-эссені орыс тілінде шығаруды жоспарлап отыр.