Академик Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі 26 қарашада өтеді
«Достар! Біртуар ғалым Молдахметұлы Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 26 қараша күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Жаназа сағат 10.00-де басталады», - деп жазды министр Фейсбук парақшасында.
Еске салайық, белгілі академик Карл Байпақовтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін таңертең жазған болатын.
«Біртуар ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, ҚР ғылымы мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймын. Оның бүкіл өмірі - халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі. Карл Молдахметұлы - тарих, Отанымыздың мәдениеті мен археологиясы туралы танымымызды байытқан кісі. Жуырда ғана археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша ірі жоспарларды бірге талқылаған едік. Карекеңнің ісін жалғастыру керек деп есептеймін», - деп жазған еді Мәдениет және спорт министрі.