«Ақылдың мүмкіндігі шексіз»: Астанада әлемдік бестселлер таныстырылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада әлемдік бестселлер — «Ақылдың мүмкіндігі шексіз» атты кітаптың таныстырылымы өтеді.
— Астанада тұңғыш рет қазақ тілінде әлемдік сенсация — доктор Джо Диспензаның «Ақылдың мүмкіндігі шексіз» атты бестселлер кітабының таныстырылымы өтеді. Бұл жай ғана бір кітаптың жарыққа шығуы емес. Бұл — миллиондаған адамның ойлау жүйесін, денсаулығын, өмір сапасын өзгерткен ғаламдық идеялардың бұдан былай әрбір қазақстандыққа да ана тілінде қолжетімді болғандығының белгісі, — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Доктор Джо Диспенза — әлемдегі ең көп оқылатын авторлардың бірі, нейроғылым мен тұлғалық трансформация саласының маманы.
Кітаптың тұсаукесері бүгін сағат 19:00–де Астана қаласындағы KeruenCity сауда орталығындағы Meloman/Marwin дүкенінде өтеді. Іс-шара аясында доктор Джо Диспензаның виртуалды қатысуымен интерактивті ретрит ұйымдастырылады.