Әкімдер азаматтарды тек үлкен сұранысы бар мамандықтарға ғана оқытқандары жөн - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ әкімдеріне азаматтарды тек үлкен сұранысқа ие мамандықтарға ғана оқытуға шақырды.
Бұл туралы министр бүгін он-лайн режімінде өткен Үкіметтің селекторлық мәжілісінде айтты.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - ел азаматтарын тек сұранысқа ие мамандыққа ғана оқыту болып табылады және бұл азаматтардың оқуын бітірген соң міндетті түрде жұмысқа орналасуларын қамтамасыз ету қажет. Ал «Жол картасы» бағдарламасының аясында өткен жылдың маусым айында оқуын аяқтаған Атырау облысының 3 мың 734 тұрғыны, Ақтөбе облысының 1 мың 175 тұрғыны, Қызылорда облысының 1 мың 179 тұрғыны, Шығыс Қазақстан облысының 1 мың 32 тұрғыны және Астананың 1 мың 884 тұрғыны жұмыспен қамтылмай қалған.