Әкімдер «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалуы бойынша есеп беруде

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Осы күндері облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері «Нұр Отан» партиясы Халықтық тұғырнамасының, «Жол картасы» және  «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалу барысы туралы есеп беруде.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Есеп берулер өңірлерде әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуы және партиялық бақылауды күшейту жұмыстарын қарқынды ету мақсатында жүргізілуде. Шара осы уақытқа дейін Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өтті.

  «Жалпы алғанда партияның Халықтық тұғырнамасында айтылғандарды жүзеге асыру аймақтық, аумақтық деңгейге сай әзірленген жоспарлар бойынша қолға алынуда. Әсіресе, денсаулық және білім, әлеуметтік қорғау, халықты еңбекпен қамту, жергілікті жастар арасынан қажетті мамандарды дайындау, қайта даярлау  мәселелері басым бағыттардың біріне айналған», - деп атап өтті ол.

Есеп берулер қорытындысында, «Нұр Отан» ХДП-ның барлық деңгейдегі мәслихат фракцияларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары бойынша тұрақты мониторинг жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес кеңестерінің, партиялық бақылау комиссияларының, партияның қоғамдық қабылдау жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттілігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар