Әкімдік елордадағы ардагерлерге тосынсый жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармония соғыс ардагерлеріне музыкалық тосынсый жасады. Осы орайда музыканттар ардагерлер тұрып жатқан үйлердің ауласында шағын концерт қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жыл сайын ардагерлерді құттықтауды дәстүрге айналдырдық. Биыл карантинге байланысты қарттарды бір жерге жинай алмағандықтан, әр ардагердің үйіне келіп, жекелей құттықтау шешімін жасадық», - деді Мемлекеттік академиялық филармония өкілі Юлия Зайчиковская.

Оның сөзіне қарағанда, өнер ұжымы осындай форматтағы құттықтауды алғаш рет жасап отыр.

«Біз сығыс жылдарындағы, әскери әндерді орындап келеміз. Қалада 44 соғыс ардагері бар, бүгін олардың 34-іне барамыз. Олардың қалғандары қазір үйлерінде емес екен», - деді ол.


Осындай тосын сый ардагерлер үшін күтпеген жағдай болды. Қарттар көз жасына ерік беріп, өнер ұжымына алғыстарын айтып жатты.

«Бүгін маған осындай сыйлық жасағандарыңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл Жеңіс бізге үлкен ауыртпалықпен келді. Соғыстың қиындықтары әрбір отбасыны шарпыды. Біз осыны еңсеріп, жеңіске қол жеткіздік», - ардагер Александр Бабичев.

Сонымен қатар қарт ардагер Михаил Кулик де өзінің алғысын айтты.

«Осындай мерекелік көңіл күй сыйлағандарыңызға көп рақмет! Бізге көңіл бөліп, қолдап жүргендеріңізге қуанып отырмыз», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар