ӘҚКӘИ 167 жас ұшқыш пен инженерді даярлап шығарды

АҚТӨБЕ. 28 қазан. ҚазАқпарат - Екі дүркін Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаны күштерінің Әскери институты 167 жас ұшқыш пен инженерді шығарып салды.

ӘҚКӘИ 167 жас ұшқыш пен инженерді даярлап шығарды

Салтанатты рәсімге ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. 167 адамға әскери ЖОО-ны бітіргені туралы диплом мен лейтенант погоны тапсырылды.

«Бұл мамандық туралы мен бала кезімнен армандадым. Әскери ұшқыш болып, мемлекетіміздің шекарасын қорғау - мен үшін үлкен мәртебе және мен әрбір жас өз елін қорғауға міндетті деп ойлаймын», - дейді жас офицер Алдияр Құрманов.

Жалпы институтта төрт жылдық және 4 инженерлік мамандық бойынша мамандар даярлайды. Келесі жылдан бастап ЖОО-да оқу мерзімі 5 жыл, ал болашақ ұшқыштардың шабуылы 180 сағаттан 250 сағатқа көбейеді. Бұл түлектер институтты бітіргеннен кейін қосымша жаттықтырусыз әскери тапсырманы орындауға дайын болатындығын білдіреді.

2006 жылдан бастап институт шет мемлекеттер үшін ұшқыштар дайындайды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде мұнда Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары білім алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, түлектер өз елінен тыс жерде де қызмет атқара алады. Жұмыс тәжірибесі мен орнына байланысты бүгінгі күні Қазақстан ұшқыштарының жалақысы 150 мың теңгеден бастап одан жоғары соманы құрайды.