Ақкөл ауданында ҮИИД бағдарламасының аясында 4 жоба жүзеге асырылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданында Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығында 8 миллиард 55 миллион теңгенің бес жобасы енгізіліп, оның 4 жобасы жүзеге асырылған.
None
None

Бұл туралы Ақкөл ауданының әкімі Теміржан Едігеновтың қатысуымен өңірдің 2015 жылдың алғашқы екі айындағы әлеуметтік-эконмикалық қорытындысы және алдағы жоспарлары жөнінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісі.

Өткен жылы ауданда қуаттылығы жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіретін "Үшбұлақ - 2005" ЖШС құс фабрикасы және "Ecomilk" ЖШС сүт зауыты іске қосылды. Сонымен қатар, «EcoProduct» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысы да индустрияландыру картасына енізіліп отыр. Онда жылына 2200 тонна көлемінде қызанақ пен қияр өндіру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 2 айында "ҚазОрман"Компаниясы" ЖШС жаңа технологиялық қондырғыларды қолданудың арқасында 26 миллион теңгенің 341 текше метр ағаш өнімдерін шығарған.

"Индустрияландыру Картасының бірінші бесжылдығының аясында Ақкөл ауданында 8 миллиард 55 миллион теңгенің бес жобасы енгізіліп, оның 4 жобасы жүзеге асырылған. Осының арқасында өңірде 185 жаңа жұмыс орны ашылды", - дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында Ақкөл қаласының мәдениет үйінде күрделі жөндеу жүргізілді. Бағдарламаға қатысушы 9 адамды арнайы курстар бойынша оқытып, шағын несие беру көзделген.

Соңғы жаңалықтар