11:33, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақкөл қаласында ит қауіп алған сегіз жасар бала ауруханаға жетпей көз жұмды
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласында ит қауып алған сегіз жасар қыз бала қайтыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше күндізгі сағат 12-нің кезінде болған. Екінші сынып оқушысы атасының үйіне келген көрінеді. Орамдағы байлаулы ит шынжырдан босанып кетіп, сәбиді қауып тастаған. Бір өкініштісі, маңайда ересектерден ешкім болмапты. Иттің уытты тісінен ауыр дене жарақатын алған бүлдіршін ауруханаға барар жолда дүниеден озған. Қазіргі кезде жергілікті тәртіп сақшылары тексеру шараларын жүргізуде.