Аққұбалар 200 жылдан кейін жойылып кетуі мүмкін

Ғалымдардың есептеуі бойынша таза аққұбалар өмірде аз болып келеді, олардың есебі бойынша 2202 жылға дейін аққұбалар жер бетінен мүлдем жоғалып кетеді. Соңғы 50 жыл ішінде бүкіл жер шарының тұрғындарының жалпы санынан аққұбалар саны 49 пайыздан 14 пайызға дейін қысқарды. Оның себебі бірнеше: біріншіден, бала аққұба болып туылуы үшін, оның ата-анасының шаштары ақшыл болуы керек. Екіншіден, қара шашқа ие елдердің халқы ұдайы өсуде, ал еуропалықтар - немістер, скандинавтықтар, ресейліктер «аққұба генін» тасымалдаушылар көбінде бір баламен ғана шектеледі. Ақшыл шашы бар соңғы адам Финляндияда дүниеге келеді деген тұжырым бар, өйткені онда ақшыл шашы бар адамдар көп кездеседі.
Алайда, шотландиялық ғалым Джонатан Рис аққұбалар мүлдем жойылып кетпейді, тек үлес салмағы азайып отырады деген пікір білдірді. Бір қызығы, қара нәсілділер арасында да шаштары «блондин» түстілер кездеседі екен. Мәселен, Соломон аралдарында тұратын әйелдердің 10%-ы - «сары шаштылар».