09:05, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола ауданаралық электр желілері өткен жылы 800 миллион теңгенің инвестициясын игерді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола ауданаралық электр желілері өткен жылы Астана-Аршалы-Рождественка электр байланысын тұйықтауды жүзеге асырып, кепілді, сапалы тасымалдау ісін қамтамасыз етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданаралық кәсіпорын басшысы Қайролла Құлдықұшевтың айтуынша, бұл мақсатқа Ақмола тасымалдау электр компаниясы тарапынан 800 миллион теңге инвестиция тартылып, Аршалы мен Астрахан аудандарында жоғары сапалы электрмен қамту міндеті шешімін тапқан. Қазіргі кезде кәсіпорын осы төңіректегі алты аудан аумағындағы елді мекендер мен кәсіпорындарына электр қуатын кепілді түрде беріп отырады.. Бүгінде өңірде 44 мың 700 жеке тұлға, 1670 заңды тұлға кәсіпорын қызметін пайдаланып отыр. Ұжымда жұмыспен қамтамасыз етілген 800 білікті маман 6 мың шақырым электр желілерінің қалыпты жұмысын қадағалап, 105 кіші стансаға техникалық қызмет көрсетеді. Жыл ішінде электр қуатын тұтынушыға жеткізу 98 пайызды, ал шығын мөлшері 3,2 пайызды құрады, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады.