Тағы төрт өңірде ауа райына байланысты автожолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

ШҚО-да боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ақмола облысы аумағында 22 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельдік қозғалтқышы бар автокөліктердің қозғалысына бірқатар бағытта шектеу қойылды.

Шектеу келесі автожол учаскелеріне қатысты:

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595 шақырым аралығы (Қостанай қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
– «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0–82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы);
– «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 18-341 шақырым аралығы (Астана қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
– «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 2-50 шақырым аралығы;
– «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы;
– «Көкшетау қаласының айналма жолы» автожолының 0-18 шақырым аралығы;
– «Щучинск – Зеренді» автожолының 0-77 шақырым аралығы;
– «Көкшетау – Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы;
– «Макинск – Ақсу – Торғай» автожолының 0-240 шақырым аралығы;
– «Астана қаласының айналма жолы» автожолының 0-86 шақырым аралығы;
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 16-407 шақырым аралығы;
– «Астана – Қорғалжын» автожолының 19-181 шақырым аралығы;
– «Бурабай шипажай аймағының жолдары» және бірқатар кіреберіс бағыттар.

Алдын ала мәлімет бойынша Ақмола облысындағы жолдарды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.

Сонымен қатар Жамбыл облысы аумағында 22 қаңтар сағат 20:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.

Бұл бағытта көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жамбыл облысындағы жол учаскесін 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 08:00-де ашу көзделіп отыр.

2026 жылғы 22 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

Қызылорда облысының «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1806-2055 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін) де жабылатыны мәлім болды.

Түркістан облысында «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 23 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жол жағдайына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум