Ақмола облысы тасжолында болған апатта жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тасжолында «Газель» мен шағын автобус соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Водителя зажало в автомашине в ДТП на трассе в Акмолинской области
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Жол апаты 12 ақпанда «Астана-Петропавл» тасжолында орын алды. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Газель» мен Mercedes-Benz Sprinter» көліктері соқтығысқан.

Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, содан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат салдарынан деформацияланған көлікте қалып қойған жүргізушілердің бірі зардап шекті. 

- Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, зақымдалған есікті гидравликалық құрал көмешімен ашып, зардап шегушіні алып шықты. Ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев. 

Соқтығысу салдарынан газ баллонды жабдықтарды тасымалдаған көліктердің бірі түтіндей бастады. Құтқарушылар жарылысты болдырмау үшін түтінді жойды. 

Бұған дейін Жамбылдағы «Аса-Ақкөл» трассасында жол апатынан бір адам қаза болғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар