Ақмола облысына 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 250 млрд теңгеге көп. Бұл жаңа кәсіпорындар мен технологиялар және жұмыс орындары арқылы қамтамасыз етілген нақты өсім. 

Ақмола облысына 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Төрт индустриялық аймақтың, оның ішінде республикалық «АҚМОЛА» аймағының құрылуы инвестиция тартудың негізгі құралы. Республикалық индустриялық аймақ инвесторлар үшін нағыз тартымды орталыққа айналып отыр.

Онда жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын жобалар жинақталды. Бұл 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

— Бүгінгі таңда астықты терең өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталды. Далиан, Қытай — 795 млрд теңге, 3000-ға дейін жұмыс орны, мемлекеттік сараптамадан өту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл 1,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция. Оның аясында жылына 3 миллион тоннаға дейін астық өңдейтін зауыт салу жоспарланған, — делінген хабарламада

Маңыздысы, бұл жерде түпкілікті сұранысқа ие болатын тауарлар натрий глутаматы, крахмал және минералды тыңайтқыштар өндірілетін болады.

Сондай-ақ клинкер өнімдері мен қаптама кірпіш шығаратын  және пестицид пен тыңайтқыштар өндіретін зауыттардың құрылысы жоспарланған.

Қазан айында астықты терең өңдеудің екінші ірі кешенін салу жөніндегі стратегиялық негіздемелік келісімге қол қойылды. Инвестиция көлемі – 1,5 млрд АҚШ
долларды құрап, онда 1000 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, биыл маңызды келіссөздер жүргізілді. Ірі инвесторлар бидай өңдеу мен жем өндіру, элеватор мен құрама жем зауытын сондай-ақ асыл тұқымды репродуктор салу бойынша жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жобалардың іске асырылуы – 700-ге дейін жұмыс орнын құра отырып, шамамен 600 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Осы жылы «БЕНТ» компаниялар тобы «ҚАЗШПАЛ» кәсіпорнын сатып алды.

Олар тәулігіне 3 мыңнан астам шпал шығару арқылы өндірісті қайта жаңғыртуға кемінде 10 млрд теңге инвестиция құяды.

Әлемдік ірі тау-кен байыту компаниясы «Зи-джин Майнинг» дүние жүзінің 18 елінде жұмыс істейді. Алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар мен қазіргі заманғы технологияларды енгізуде.

Компания «Райгородок» кен орнын сатып алды және жаңа алтын өндіретін фабриканың құрылысына 500 млн. АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлауда. 1000 жұмыс орны ашылады.

Соңғы жаңалықтар