Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар баланың денесін Нұра өзенінен тапқан.

Баланы іздеуге Ақмола облысынан бөлек Қарағанды облысы мен Астана қаласының төтенше жағдай қызметі де тартылған болатын. Әкімдіктер бұл іске еріктілерді тартқан.
— Іздеу жұмыстарына иісшіл иттер мен сүңгуірлер де атсалысты. 10 мамыр күні төтенше жағдай қызметінің өкілдері баланың денесін Нұра өзенінен тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Баланың жоғалғаны туралы хабар сақшылардың қолына 30 сәуір күні түссе керек.
— Хабар түскен бойыда қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім шығарылады, — деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.
Бұған дейін Ақмола облысында 5 жасар балаға іздеу жарияланған еді.