Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталып, 729 баспанаға жөндеу жүргізіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін жіті бақылауда ұстап отыр.

Министрліктің мәліметінше, Ақмола облысында 1281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 333 тұрғын үй құрылысы;
- 219 тұрғын үй сатып алу;
- 729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 333 үйді салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталып кетті. 219 үйдің 123-і сатып алынды. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталды.

Атбасарда 165 зардап шеккен азаматтарға үш көпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталды. Сондай-ақ, 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі – жаздың соңы, жаңа үйлердің құрылысы қазан айында.