Ақмола облысында ауа райына байланысты жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
— 2026 жылғы 21 ақпан сағат 04:30–да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.
— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
— «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автомобиль жолының 0-82 шақырым аралығындағы (Жақсы елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);
— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автомобиль жолының 537 — 553 шақырым аралығында (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2026 жылғы 21 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды.