Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында бір тәулікте 98 гектардан астам аумақ өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында өткен тәулікте құрғақ шөп өртенген бірнеше жағдай тіркелді. Жалпы тілсіз жау шарпыған аумақ 98 гектардан асты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Около 100 гектаров сухой растительности сгорело в Акмолинской области
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Өрт Біржан сал, Жақсы, Ақкөл және Егіндікөл аудандарында тіркелген.

– Барлық өрт ошағы сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрт шарпыған жалпы аумақ 98 гектардан асты, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, өрттердің шығуына тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болған.

– Өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз, – деп ескертті Ақмола облысының ТЖД.

Айта кетейік, Экология министрлігі аптап ыстыққа байланысты елімізде өрт қаупі әлі де жоғары екенін хабарлады.