Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды
Ақмола облысында жүргізуші көз жұмған жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсанда «Астана - Петропавл» тас жолының бойында болған.
Анықталғандай, «Газель» көлігінің жүргізушісі ақауға байланысты жолдың он жақ шетіндегі жолаққа тоқтаған. Кейін оған «Volkswagen Polo» автокөлігі келіп соғылған. Жеңіл көлікті басқарған Астана қаласының тұрғыны сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болады. Кейін бұларға осы бағытта жүріп келе жатқан тағы үш көлік соқтығысады.
«Жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.
Еске салайық, әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен көкшетаулық үш жасөспірім жол апатына ұшыраған болатын.