Ақмола облысында дәрігердің қызметтік пәтерін қайтаруға прокуратура араласты
АСТАНА. KAZINFORM – Степногорск қаласының прокуратурасы медицина қызметкерінің тұрғын үйге қатысты құқығын қорғады.
Ақмола облысы прокуратурасы мәліметінше, дәрігер 2013 жылы жас маман ретінде қызметтік тұрғын үй алып, қажетті 10 жыл еңбек өтілін адал атқарған. Алайда қалалық емхананың жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілуіне байланысты оған пәтерді жекешелендіруден бас тартылған.
Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты қызметкердің тұрғын үй құқықтарын шектемейтіні және жалпы тәжірибелік дәрігердің заң талаптарына сәйкес келетіні және басқа тұрғын үйдің жоқтығы анықталды.
Прокуратураның араласуымен заңсыз кедергілер жойылып, медицина қызметкерінің қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқығы ресми түрде танылды.
Айта кетейік, Қостанай прокуратурасы 13 кәсіпкердің құқығын қорғады.
Бас прокуратура Атырау облысында рақымшылықтың заңсыз қолданылғанын анықтады.