21:42, 05 Мамыр 2025 | GMT +5
Ақмола облысында прокурорлардың ықпалымен мемлекетке 52 млн теңге төленді
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім болды.

Жақсы ауданының прокуратурасының салық заңңамасының саласындағы жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорнымен 2024 жылдың 2 және 3 тоқсандары үшін салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәндері тапсырғаны анықталды.
Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет пайдасына көрсетілген қаражат сомасы төленіп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жер ала алмай келген инвестордың құқығын қорғағаны туралы жаздық.