Ақмола облысында сегіз жаңа автокөлік тиелген автовоз аударылды

АСТАНА. KAZINFORM — Көптонналы жүк көлігі жолдан шығып, кюветке аударылып кеткен, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Автовоз с восьмью новыми авто перевернулся в Акмолинской области
Фото: Видеодан скрин

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 21 қарашада «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 239-шақырымында болған.

— Алдын ала деректер бойынша, «Ситрак» маркалы автовоздың 1979 жылы туған жүргізушісі Қостанай қаласы бағытымен жүріп келе жатқан. Көлікті басып озу маневрі кезінде ол рөлге ие бола алмай, көптонналы жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған, — деп түсіндірді ведомствода.

Жүргізушінің Алматыдан Қостанайға сегіз жаңа қытай автокөлігін тасымалдап бара жатқаны белгілі болды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

— Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның ішінде жүргізушінің алкоголь тұтынған/тұтынбағанын анықтау мақсатында міндетті сараптама тағайындалды. Барлық қажетті шаралар аяқталған соң, процессуалдық шешім қабылданады, — деп қосты ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді, әсіресе ірі габаритті көлікті басқарғанда, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Басып озбас бұрын жолдағы жағдайды және ауа райын жақсылап қарап, қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек.

Бұған дейін Алматы облысында трассада жаппай жол апаты болып, қаза тапқандар бар екені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар