Ақмола облысында су қоймалары 100 пайызға толды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысында көктемгі су тасқынының шарықтау кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

су қоймасы
Фото: «Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалы

Соның нәтижесінде өңірдегі ірі су қоймалары 100%-ға толды. Қазір су қоймаларында жалпы 670 млн текше метр су жиналды.

— Атап айтқанда, Астана су қоймасында 412,82 млн текше метр, Сілетіде 230 млн текше метр, ал Шағалалыда 28 млн текше метр су бар, — делінген хабарламада.

Биыл Ақмола облысының ірі өзендері бассейндерінде көктемгі су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталған болатын.

Осыдан бұрын Ақмола облысында «Шоптыкөл» бөгеті бұзылғанын жазған едік.

Кейіннен оқиға орнында жедел штаб құрылды.

7 сәуірде Ақмола облысындағы бұзылған бөгет қалпына келтірілгені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар