Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Бар күш Атбасар, Аршалы аудандары мен Қосшы қаласына және Тайтөбе ауылдарында жұмылдырылуда.

су тасқыны
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша су тасқынына қарсы күресу үшін барлығы 700-ге жуық адам, 210 техника және 130 мотопомпа тартылған.

су тасқынымен күрес
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

«Атбасар ауданында су тасқынына белсенді дайындық жалғасуда. Инертті материал салынған қаптар төселіп жатыр. Тәулігіне шамамен 1 мың текше метр қар шығарылуда. Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында қорғаныш үйіндісін нығайту үшін Астана қаласынан қосымша күштер мен құралдар келді. Сондай-ақ, Аршалы ауданында су тасқынымен күресу үшін Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 68 курсанты пен 4 офицері аттанды. Бұл аудандарда бір тәуліктің ішінде 20 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды», - деді ведомстводан.

су тасқыны
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суда қалған 6 түйе құтқарылғанын жазған едік.

су тасқыны
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

 

 

Соңғы жаңалықтар