Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық адам қатысты

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Жақсы ауданында өткен сенбілікке 200-ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

ыв
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Іс-шара «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторийден басталды. Қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, туған жердің тазалығын сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы ақпарат берілді.

Одан кейін «Жасыл мекен – таза өлке» ұранымен экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Акция аясында мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қоғамдық орындарды тазалап, қоқыс жинап, аумақтарды абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

ы
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

– Тазалық – бір күндік науқан емес, ол әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бірлесіп атқарылған әрбір игі іс ауданымыздың көркеюіне және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады, – деді Жақсы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Олжас Әбжанов.

ыв
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» аясындағы шаралар өңірде демалыс күндері де жалғасады. 11 шілде күні Бурабай ауданында 500-ден астам адамның қатысуымен «Мөлдір бұлақ» акциясын өткізу жоспарланып отыр.