Ақмола облысында тұрғынды бұрынғы сыныптасы пышақпен жарақаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

а
Фото: Kazinform

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 24 сәуірде Макинск қаласының медициналық мекемесіне 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жеткізілген.

— Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысты жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ведомстводан.

Полиция қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатқанын айтты.

- Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деді ведомстводан.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшыларды өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын бекіту туралы мәліметті жолдау қағидаларына өзгеріс енгізді.