20:10, 17 Тамыз 2025 | GMT +5
Ақмола облысында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

- UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, - делінген хабарламада.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.
- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді ведомстводан.
Еске салсақ, биыл маусымда Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған еді.
Кейін Көліктегі полиция департаменті Астанадағы ұшақ апатына байланысты тергеуді бастады.