Акмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Акмола облысында болған жол апатынан бес адам қаза тапты, тағы бес адам жарақат алды. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

в
Фото: 716.kz

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 21 маусымда «Астана – Қорғалжын» автожолында болды. Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser – үш көлік бір-бірімен соқтығысты.

– Апат салдарынан  Toyota маркалы екі көлік өртеніп кетті. Алдын ала деректер бойынша, апаттан бес адам қаза тапқан. Тағы бес адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, – деп атап өтті ведомство.

Аймақтың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жарақат алғандардың Астанаға жіберілгенін хабарлады.

Қазір полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік.