Ақмола облысының Есіл ауданында 21 тұрғын үй салынуда

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру шараларын жалғастыруда.

Жилье квартира многоэтажные дома Тұрғын үй көпқабатты үйлер
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Есіл ауданындағы Есіл қаласында зардап шеккен 21 отбасыға жаңа үйлер салынуда. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

«Сондай-ақ 189 үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, 13 отбасыға тұрғын үй сатып алынып, алдағы уақытта тағы 3 отбасыға үйдің кілттері табысталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі жаздың соңына дейін», — деп жазды министрліктен.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша Ақмола облысында барлығы 1 265 нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

— 331 тұрғын үй құрылысы — 273-і басталды;

— 220 тұрғын үй сатып алу — 192 үй сатып алынды;

— 714 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Соңғы жаңалықтар