Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары «Оқжетпеске» қолдау көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысында ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары «Оқжетпес» футбол клубына қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде Ақмола облыстық әкімдігі мәлім етті.

Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  «Оқжетпеске» қолдау көрсетеді
Фото: ҚФФ

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен әкімдікте «Оқжетпес» футбол клубының қызметіне қатысты жұмыс кеңесі өтті. Онда ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері кәсіби спортты дамытуға бизнестің жүйелі қатысу моделін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президентінің кәсіби спортты кезең-кезеңімен коммерцияландыру және клубтардың бюджет қаржыландыруына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында клубты неғұрлым тұрақты қаржылық модельге көшіру мәселесі қаралды.

Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  «Оқжетпеске» қолдау көрсетеді
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қорытынды бойынша «Оқжетпес» футбол клубы қоғамдық қорын құру жөнінде шешім қабылданды. Қордың құрылтайшысы - Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегері, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Адамович Сауэр. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, ақмолалық футболға жүйелі қолдау көрсетеді. Осылайша «Оқжетпес» футбол клубы өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару моделіне көшеді. Ал облыста кәсіби спортты бюджеттен тыс қаржыландырудың жүйелі тетігі қалыптасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өткен командалар қатарына қосылды

Айта кетсек, қазірге дейін бұдан бұрын елімізде «Қайсар», «Жеңіс», «Шахтер», «Қызылжар», «Ақтөбе» клубтары жекеменшікке өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум