11:04, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың өкімімен Серік Жабеталин облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Серік Ибрагимұлы 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданына қарасты Қазақ ССР-ның 40 жылдығы атындағы кеңшарда еңбек жөніндегі экономистіктен бастаған. Кейінгі жылдары кеңшар бас экономисі, облыстық қаржы, экономика, ауыл шаруашылығы басқармалары құрылымдарында, жер қатынастары инспекциясында лауазымды қызметтерде болды. 2005-2010 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, өндіріс жөніндегі орынбасары міндеттерін атқарған.