Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облысы әкімі Сергей Кулагиннің 27 сәуіріндегі қаулысымен Құлышева Гүлнәр Ержейқызы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Гүлнәр Ержейқызы 1972 жылы дүниеге келген, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Өзінің қызметтік еңбек жолын 1995 жылы Жезқазған облысының Жезді аудандық ауруханасының инфекционист-дәрігері ретінде бастаған.

Денсаулық сақтау саласында көп жыл еңбек еткен.

2003 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың ақпан айына дейін - Ақмола облысының Қызыл Жарты ай Қоғамында дәрігерлік бағдарламалардың үйлестірушісі, 2004 жылдың ақпан айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін Ақмола облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

Тағайындалуға дейін «Астана қаласының мамандандырылған сәбилер үйі» ММ бас дәрігері болып еңбек еткен.