Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облыстық мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Мұрат Оспанов Ақмола облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды,

Ақмола облыстық мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Еңбекшілдер ауданының тумасы М. Оспанов 1975-ші жылы Алматы Мемлекеттік театр институтын тамамдап, Қазақ радиосында диктор, 1979-1988 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында актер, 1988-1994 жылдары Қуанышбаев атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрының директоры, 1995 жылы Көкшетау қаласында жаңадан шаңырақ көтерген Шахмет Хұсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрының директор-режиссері қызметтерін атқарған.