Ақмола облыстық прокуратурасының араласуымен су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық прокуратурасының араласуымен Зеренді ауданына қарасты Подлесный ауылы жанындағы су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының талабына орай бұл істі қараған Зеренді аудандық соты сатып алу шартын негізсіз деп тапты. Осылайша он жылға тарта уақыт бойы табиғат заңының бұзылу, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу ісі ретке келтірілді. Енді «Көкшетау» мемлекеттік табиғи бақ қарауына қайтарылған су қоймасын тазарту, күтіп пайдалану, көпшілік игілігіне жарату жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары жалғастырылады.
Соңғы жаңалықтар