Ақмола облыстық соты бойынша 21 қызмет орны қысқартылғанымен қызметкерлер жұмыссыз қалған жоқ

КӨКШЕТАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Елбасының Жарлығына орай Ақмола облыстық соты бойынша 21 қызмет орны оңтайландыру бағдарламасына енгенімен, қызметкерлер жұмыссыз қалған жоқ.

Ақмола облыстық соты бойынша 21 қызмет орны қысқартылғанымен қызметкерлер жұмыссыз қалған жоқ

Облыстық сот баспасөз қызметінен алынған мәліметтерге сәйкес бүгінгі күнге дейін мұнда он бос орын болғандықтан қысқартылуға тиісті мамандар осы қызметке тағайындалған. Ал, саналы ғұмырын әділеттік жолына арнаған облыстық соттың судьялары Мейрам Ғибаділов, Клара Мырзахметова, Қарлығаш Көшербаева, Сансызбай Сәбитов, Ақкөл және Атбасар аудандық соттарының судьялары Балуан Махметов пен Ербұлан Көкетаевтар зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан. Сондай-ақ бір адам басқа жұмысқа ауыстырылып, біліктілігінің сәйкессіздігіне орай үш адамға сот орнымен қоштасуына тура келді.