Ақмола облыстық телеарна журналистері швейцариялық мастер-сыныпқа қатысуда

КӨКШЕТАУ. Ақпанның-12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық телеарна журналистері Швейцариядан келген Андрэ Лорштың мастер-сыныбына қатысып,
None
None
шетелдік тележурналистен тәлім алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ТРК «Қазақстан-Көкшетау» облыстық филиалының директоры Жалғасбек Мұратұлының айтуынша, екі апта бойы швейцарлық тележурналистпен тақырып таңдау, оны тарқату, кейіпкермен әңгімеге дайындық, бейне көріністерді пайдалану, жанр ерекшеліктері, телехабарлардың тиімділігін арттыру жайында тәжірибе алып, шеберліктерін шыңдайтын болады. Бірінші рет өткізіліп отырған осындай игілікті іс-шара облыстық ішкі саясат басқармасының көмегімен жүзеге асырылып отыр. А. Лорш мырза Қазақстанда журналистика негіздері турасында сабақ беру грантын жеңіп алған болатын. Мұндай тренингтерді облыс орталығындағы басқа БАҚ өкілдерімен де өткізу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар