Ақмола облыстық жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
КӨКШЕТАУ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Асқар Наратауов Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асқар Бақытжанұлы 1988 жылы Ленинград жоғары артиллерия училищесін, 2002 жылы Қырғыз Ұлттық мемлекеттік университетін тамамдап, заңгер мамандығын меңгерген.1994 жылдан ішкі істер саласында қызмет атқарып келеді. Арнайы батальонның жол - шолғыншы инспекциясы инспекторынан Қостанай облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы жол-техникалық инспекциясының бөлім бастығы қызметтерінде болған. Соңғы жылдары Қостанай облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарды.