Ақмола облысы бойынша өткен жылы 1 млрд. 617 млн. теңге бюджет қаржысы игерілген жоқ

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша өткен жылы бюджеттік қаржының 97,9 пайызы кәдеге жаратылған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары. Жыл ішінде 1 миллиард 617 миллион теңге игерілмеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық қаржы басқармасының деректеріне сілтеме жасап. Жыл ішінде республикалық трансферт ретінде қарастырылған қаржының 97,2 пайызы, облыстық бюджеттің 93,1 пайызы жұмсалды. Бұрнағы жылмен салыстырғанда облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 3 пайыздық өлшемге өсіп, 123 миллион теңге игерілмеді. Олардың ішінде құрылыс басқармасы бойынша 47 миллион теңге, ауыл шаруашылығы басқармасында 44,5 миллион теңге жаратылмаған. Бұл ретте жүз пайыздық игеруді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қамтамасыз еткен. Ал Көкшетау қаласында 581 миллион теңге, Щучье ауданында 309,1 миллион теңге, Аршалыда 292,1 миллион теңге қалып отыр.
Соңғы жаңалықтар