Ақмола облысы бойынша Жаңа жыл мерекесі күндері 27 адам құтқарылып, 18 өрт тіркелді
КӨКШЕТАУ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың 30 желтоқсаны мен ағымдағы жылдың 4 қаңтар аралығында 27 адам құтқарылып, 18 өрт сөндірілген.
Жаңа жылдық мереке күндері Көкшетау-П шағын ауданы мен Шортанды, Бұланды аудандарында тілсіз жаудан бес адам, оның ішінде Макин қаласында 2005 жәнее 2007 жылғы балғындар түтінге тұншығып, мерт болды. Өңір күре жол бойында суықта көліктері істен шығып, жолда қалған 40 адамға көмек көрсетіліп, барлығы дін аман жылы орынға жеткізілген.