Ақмола облысы тұрғындарының 57 пайызы санақ сауалдарына жауап берді

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында тұрып жатқан 728 мың 729 адамның 57 пайызы, яғни 418 мың 720 адам Ұлттық халық санағы есепшілерінің сауалдарына жауап қайтарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасының бастығы Ермек Мусинаның айтуынша, өңірде мемлекеттік маңызды іс-шара бел ортадан асқан. Бұл ретте Көкшетауда тұрғындардың - 55, Степногорда - 53, Целиноград ауданында - 89, Бұландыда - 67, Зеренді мен Ақкөл аудандарында 58 пайызы есепшілермен жүздесіп, тиісті сауалдарға нақтылы жауаптар қайтарған. Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес өңірде 1 мың 904 адам уақытша тіршілік кешіп жатса, олардың 609-ы - Көкшетау қаласында, 253-і - Щучье ауданында, Атбасар мен Зерендіде тиісінше 164 және 170 адамнан. Тек Қорғалжын ауданында уақытша тұрақтанушылар тіркелмеген. Өңір бойынша есепке алынғандардың 217 мың 996-сы әйелдер болса, олар барлық өңірлерде ерлерден артық тіркеліп отыр. Ұлттық халық санағына аймақта 2 мың 476 санақшы, соның ішінде Көкшетау қаласында - 480, Степногорда - 222, Щучье ауданында - 256, Зерендіде - 140, Ерейментау мен Бұланды аудандарында 105-тен, қалғандарында жүзге тарта адам тартылған.
Соңғы жаңалықтар