Ақмола облысы тұрғындарының 98,1 пайызы санақ сауалдарына жауап берді

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша Ұлттық халық санағы штабының мәліметіне сәйкес өңірде алдын ала есепке алынған 728 мың 729 тұрғынның 98,1 пайызы санақ сауалдарымен қамтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таңертеңгі мәліметтер бойынша 9 ауданда санақ құжаттарын толтыру аяқталып, іріктеп тексеру шаралары жүзеге асырыла бастаған. Ал 8 ауданда тұрғындардың - 94-99, Степногор қаласында - 89,8, Жақсы ауданында 86,8 пайызы санаққа қатысты. Қолда бар мәліметтер бойынша аймақта уақытша тұрып жатқан 3 мың 473 адам есепке алынған. Тек Қорғалжын ауданында мұндай бірде бір адам анықталмады. Санақ сауалдарымен қамтылғандардың 371 мың 321-і - әйелдер, ерлер тек Ерейментау ауданында 17 адамға артық. Қазіргі кезде белігі болып отырғанындай, өңірде есепке алынғандардың 329 мың 361-і - жергілікті ұлт өкілдері.
Соңғы жаңалықтар