Ақмола облысында 10 күн сусыз отырған ауылдарға тіршілік көзі қайта берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 10 күнге жуық уақыт сусыз отырған ауылдар тіршілік көзіне қайта қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Апатқа Жантеке ауылы маңындағы су құбырының жарылуы себеп болды. Салдарынан Қорғалжын және Майшұңқыр ауылдары ауыз сусыз қалды. Жалпы, Қорғалжын ауданында құбыр - екі жерден, Егіндікөл ауданында 3 жерден жарылған. Жалпы, апатты жоюға «Ақмола су арнасы» коммуналдық кәсіпорнынан 15 адам және 7 бірлік техника, «Өрлеу» коммуналдық кәсіпорнынан 10 адам және 3 бірлік техника, Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 3 адам және 1 арнайы техника тартылды.

Нәтижесінде, 25 желтоқсан күні кешке ауылдар су көзіне қайта қосылды. «Қазіргі кезде, су жіберу қалыпты деңгейде жұмыс істеуде», деп көрсетілген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар