Ақмола облысында 133 бас ірі қараны ұрлағандар екі ай мерзімге қамауға алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 133 бас ірі қараны ұрлаған 5 адам екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында 133 бас ірі қараны ұрлағандар  екі ай мерзімге қамауға алынды

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық соты Мамай ауылында орналасқан «КАЗ БИФ ЛТД» ЖШС-нен жалпы сомасы 82 600 930 теңгені құрайтын «Ангус» және «Герефорд» асыл тұқымды 133 бас ірі қара мал ұрлаған деген күдікпен ұсталған 26-43 жас аралығындағы 5 ақмолалықты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Оларға ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімінің «Б» тармағында көрсетілген қылмысты жасады, яғни аса ірі көлемде бөтен мүлікті ұрлаған деген айып тағылып отыр.