Ақмола облысында 18 жастағы жігіт суға батып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында 18 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
Қайғылы оқиға маусымның 21-і күні сағат 11:55 минут шамасында Тойбай ауылы маңындағы Құмай өзенінде орын алған.
Өзенге шомылмақ болған 1997 жылғы жігіт суға батып кеткен. Араға 40 минут салып ауылдастары оның мүрдесін алып шыққан.