Ақмола облысында 2 жыл бойы пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі жыл бойы 30-дан астам пәтерді тонаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабаралады.
None
None

Полейцейлер жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Целиноград ауданы аумағында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түскен. Тергеу амалдары барысында ұсталынған жас бес жігіттің Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары екені және Астана қаласында пәтер жалдап тұратыны анықталды. Ұрылар екі жыл бойы асыл бұйымдармен ақша, ноутбук сияқты өзге де тұрмыстық техникаларды қолды еткен.

Бір оқиғаның өзінде 11 мың АҚШ доллары мен 900 мың теңгенің затын жымқырып кеткен. Қазір кезде күдіктілер қылмысын мойындап, келтірілген жалпы шығын көлемі мен осыған дейін жасалынған дәл осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар