Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында 2009 жылдың қаңтар-қараша айларында 5 077 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілді

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 5 077 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілген, өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,2 пайызды құрайды,

Ақмола облысында 2009 жылдың қаңтар-қараша айларында 5 077 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында тұрғындарға көрсетілген байланыс қызметі былтырғы жылға қарағанда 6,8 пайызға өсіп, 3 373 миллион теңгеге жеткен. Жылдық табыстың құрылымында 33,6 пайызы қалааралық, 23,6 пайызы-жергілікті,  12,8 халықаралық телефон байланысына, 5 пайызы телеарналар мен радио хабарларын таратудан, 15,6 пайызы ғаламтор байланысынан түсіп отыр. Ал 4,8 пайызы пошта және курьерлік қызмет түрлеріне қатысты.